Қалдықтарды қабылдау/сұрыптау желісі

Қабылдау

Таразы, әкелінген және тасып шығарылған қалдықтар мен басқа да жүктердің санын автомобильдік электрондық таразыда өлшеу жолымен анықтауға арналған. Қалдықтармен және басқа да жүктерді өлшеп болған соң түсіру процесі жүргізіледі. Компанияның барлық нысандарына жеткізілетін қалдықтар мен жүктердің әртүрлі түрлері арнайы жабдықпен түсіріледі.

 

Сұрыптау желісі

Сұрыптау алаңқайы қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған кешенді процесс жүзеге асырылтын орын болып табылады.

Қалдықтар қолмен сұрыпталады. Сұрыпталған пластиктер, қағаздар сұрыпталған қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңқайға тапсырылады. Қайтадан пайдалануға жатпайтын қалдықтар контейнерлерге тиеліп, инсинераторға тапсырылады.

Сұрыпталған пластиктер, қағаздар және картон сыққышында нығыздалып, қайталама шикізатқа пайдалануға тапсырылады.

2012 жылы Компания тікелей Тапсырыс берушінің нысандарында пластиктің, қағаздың және картонның қалдықтарын бөлектеп жинауды енгізді.